Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды.
Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті рейдте Тараздағы мекемелердің бірінде 100-ден астам адамның қатысуымен той өтіп жатқаны анықталды. Барлық қонақтармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Ал іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалды және жауапқа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.
«Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимінің 430 бұзылу дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапқа тартылды», – деп хабарлады Полиция департаменті.