Петропавлда темір жол өткелінде кезекті жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inform.kz.
Әлеуметтік желілерге тарған суреттердің астына қалдырылған пікірлерде «Citroën C4» маркалы көлікті әйел адамның тізгіндегені жазылған. Бұл оқиғаға қатысты полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсінік берді.
«Оқиға орнына жеткенде «Citroën C4» маркалы көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Жол қозғалысы ережесінің 2.5 «STOP» белгісінің талаптарын бұзғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, екі жүргізуші де мас болмаған. Тергеу жүріп жатыр. Автокөлік жүргізушісіне қатысты материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.