Қолдан жасалған құрттың ішінен есірткі шықты
Қолдан жасалған құрттың ішінен есірткі шықты
235
оқылды

Есіркіні қолдан жасалған құрт ішіне жасырғаны анықталды. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлемдеме ішінен есірткі анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған, хош иісті шөп тәркіленді.

«Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген затты сот сараптамасы салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана екенін дәлелдеді. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді департамент өкілі.

Бұған дейін тіс пастасының ішіне есірткі жасырып, түрмеге өткізбек болғандар туралы жазған болатынбыз.