Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты
5,232
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр  тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болғанын жазған болатынбыз.