Тараз қаласында кілт жұтып қойған 1 жасар баланың өмірін дәрігерлер құтқарып қалды.
Бұл жағдайды ата-анасы білмеген екен. Бір аптадан соң бала жылай бастағаннан кейін оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апарып, рентген аппаратына түсірген. Құрылғы арқылы дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтаған. Гастроскоп аппаратының көмегімен медицина мамандары кілтті бүлдіршіннің асқазанынан алып шыққан. «Біз бір жастағы баланың асқазан-ішек жолынан бөтен денені алып тастадық. Әлгі зат кілт болып шықты. Баланы ауруханаға оқиға болған сәттен бір апта өткеннен кейін алып келсе де, біз хирургия бөлімінде отаны сәтті жасадық», – дейді хирургия бөлімінің дәрігері Мәулен Кенжалы. Қазір баланың жағдайы жақсы. Үйінде ата-анасының бақылауында. Aikyn.kz бұған дейін жамбылдық дәрігердің алғаш рет әлемді мойындатқан неміс технологиясы арқылы 15 жасар баланың бас сүйегін титан пластикпен (жасанды темір) ауыстырғанын жазғанбыз.Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы