Қазақстанның алғашқы әскери доктринасының авторы коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанның алғашқы әскери доктринасының авторы коронавирустан қайтыс болды
344
оқылды
Әскери ғылымдар докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ким Серікбаев 88 жасында өмірден өтті. Бұл ақпаратты "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі" ҚҚ растады.  

"Ия, бүгін одан айырылып қалдық. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 5 күн ауруханада жатты", - деді қор өкілі. 

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1952-1956 жылдары ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген. 1956-1966 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған. 1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген. 1973-75-жылдары Алматы жоғары әскери командалық учищесінде кафедра басшысы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы, 1988-91-жылдары Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы, 1992-1993 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті аппараты қорғаныс бөлімінің жетекшісі. 1994-1996 жылдары мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы, 1996-1999 жылдары Парламенттің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. 180 ғылыми еңбектің авторы болған. “Сыновний долг” (1978), “Быть патриотом” (1978), “На кафедре тактики” (1994), “Бауыржан Момышулы в моей жизни” (1995), “Доброму делу – долгая жизнь” (2002), “Военная безопасность страны: проблемы, перспективы” (2002), “Надежный страж Родины” (2005), “Обретенной независимости – надежную защиту” (2005), “Батыр ағаның шапағаты” (2005) атты кітаптар жазған. 3-дәрежелі “КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” орденімен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.