Танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп...Антидененің арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы - 74-те. Алла шипасын берсін мамама», - деп жазды әнші.
Әнші дер кезінде вакцина алған дұрыс деп есептейді.
«Дер кезінде екпе алған дүрыс екен. Бір-ақ осындай жаста үлкендерге салдыруға бола ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», - деді Толқын Забирова.