Атырауда ақпанда жоғалған жігіттің мәйіті контейнерден табылды
Атырауда ақпанда жоғалған жігіттің мәйіті контейнерден табылды
217
оқылды
Атырауда 6 ақпанда із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Айтекешовтің мәйіті табылды, деп хабарлады Atpress.kz. Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіт 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылында шаруа қожалығының контейнерінен табылды.
"Марқұмның денесінде жарақат іздері жоқ. Мәйіт қалалық мәйітханаға тапсырылды", - дейді тәртіп сақшылары.
Талқайран ауылының тұрғыны осыдан екі жарым ай бұрын үйден кетіп, қайта оралмаған. Осы уақыт ішінде оны туыстарынан бөлек еріктілер, полиция және шұғыл көмек қызметінің мамандары іздеді.