Ганада 9 жасар бала мәйітханаға апара жатқанда тіріліп кетті
Ганада 9 жасар бала мәйітханаға апара жатқанда тіріліп кетті
131
оқылды

Гананың Болгаратанга қаласында мәйітхана қызметкері дәрігерлер өлді деп тіркеген тоғыз жасар баланы құтқарып қалды, деп жазды Pulse.com.gh.

Аурухана жанындағы мәйітхананың аға қызметкері Әльхассан Азаар Даниелдің (Alhassan Azaare Daniel) айтуынша, медбикелер оны баланың мәйітін алып кетуге шақырған. Ер адам баланы арбамен мәйітханаға апара жатқанда түшкіріп, жөтелгенін естіген. Ол бірден баланы ауруханаға әкеліп, дәрігерлерді шақырған.

Бала сауыққан соң үйіне жіберілді.