Таразда мектеп оқушылары атысып, үшеуі ауруханада жатыр
Таразда мектеп оқушылары атысып, үшеуі ауруханада жатыр
112
оқылды

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжалдың соңы үш бірдей бозбалаға оқ тиюмен аяқталып отыр. Бытыра жарақатымен мектеп оқушылары қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер ұсталыпты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Ал ауруханаға түскен үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрмаған көрінеді. Жалпы, бұл оқиға бірер күннен бері жұрт арасын желдей кезген. Алайда құзырлы органдар ресми ақпаратты енді беріп отыр. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жастар арасындағы атыс Тараз қаласына қарасты Шөлдала иінінде болған. Жасөспірімдер 2003 - 2004 жылдары туған. Арасында мектеп оқушыларынан бөлек колледж студенті де бар. Жастар арасындағы жанжал Амангелді ауылынан бастау алып, Шөлдала иінінде жалғасты деген дерек айтылуда. Ал мылтықтан атылған оқ жасөспірімдердің аяғы және мойын тұсына тиген деген ақпарат бар. Қазір тергеу амалдарына байланысты көп нәрсе құпия сақталып отыр.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы