Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-Сарай" ашылды. Кешен бірден "Қазақстандағы Венеция" деген екінші атауға ие болған. Өйткені кешеннің барлық құрылымы өзара су арналарымен байланысқан. Ал арналардан қайықтарды көруге болады.
Кешен Түркістанның тарихи орталығындағы 12,5 гектар аумақты алып жатыр. «Керуен-Сарайда» қонақүйлер, мейрамханалар, фуд-корттар, сауда және ойын-сауық орталықтары бар.
"Курсив" басылымының мәліметінше, кешенді "Turkistan Silkway Harbor" ЖШС салған. Бұл компания KIDF және FTG-ге тиесілі. Жобаға салынған инвестиция көлемі 87 млрд. теңге.
"Turkistan Silkway Harbor" 47 млрд. теңге салып, 40 млрд. теңгені Қазақстанның мемлекеттік Даму банкінен несиеге алған. Несие жылдық 15%-бен 20 жылға берілді.