Nur Otan Доссордағы көпір құрылысын бақылауға алады – Бауыржан Байбек
Nur Otan Доссордағы көпір құрылысын бақылауға алады – Бауыржан Байбек
5,428
оқылды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Атырауға барған сапарында Мақат ауданына қарасты Доссор поселкесінің тұрғындарымен кездесіп, проблемаларын тыңдады. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды. «Біраз уақыт бұрын жергілікті БАҚ-та теміржолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу қажеттігі туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Осындағы «Бірлік» ықшам ауданы тұрғындарының басым бөлігі теміржолдың бір жағында, ал оның екінші жағында әлеуметтік нысандар, оның ішінде 2 мектеп пен балабақша орналасқан. Сол жерде осы мәселені қарастырдық», – деп жазды Бауыржан Байбек. Тұрғындар Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарымен кездесу барысында жол жөндеуге және инженерлік инфрақұрылымдарға қатысты басқа да өзекті мәселелерді көтерген. Айтылған мәселелерді шешу партиялық бақылауға алынатын болды. «Ал жаяу жүргіншілер көпіріне келетін болсақ, аймақ басшылығы берген мәлімет бойынша, келесі жылдың ортасына дейін салынады. Мұның нақты нәтижесі жұртшылыққа хабарланады», – деді Бауыржан Байбек. https://twitter.com/BauyrzhanBaibek/status/1222134798136811520