Енді абхазиялық автокөліктер көбейді
Енді абхазиялық автокөліктер көбейді
171
оқылды

Қазақстанда Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тір­­кеу нөмірі бар көлік құ­­ралдарын республика ау­­мағына заңсыз өткізу және пайдалану жағ­­­­дай­­­­лары өс­кен. Бұл туралы Маң­­­ғыс­тау облысы бойынша Мем­­­лекеттік кірістер де­пар­­­­та­менті мәлімдеді.

Автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауар саналады (яғни ЕАЭО тауарлары емес) және кедендік бақылауда болады. «Кө­лік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса, көлік құралының кедендік декларациясы (КҚКД) немесе көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұл­­ғалары болса, жолаушылар кедендік деклара­­­ция­­сы (ЖКД) уақытша әкелуді ра­стайтын құжат саналады», – делінген хабарламада. Абхазияда және Оңтүстік Осетияда тіркелген, уақытша әкелінген көлік құралдарын Қазақстанға негізінен Абхазия Рес­­­публикасының және аз дәрежеде Ресей Федерациясының азаматтары әкеледі. «Абхазия және Оң­­­түстік Осетияның тіркеу нө­­мірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және бастапқы мемлекеттік есепке қоймай, Қазақстан аумағында заңсыз пайдалану мақсатында осындай кө­­­­лік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық кодексте көз­­­делген қыл­­­мыс орны не құрамы, не Қазақ­­стан Республикасының Әкім­шілік құқық­бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкім­­­­­шілік құ­­қық­­бұзу­шылықтың құ­ра­мы бо­­­лады. Екі құрам да жа­задан басқа көлік құралын тәр­кілеуді көздейді», – деді МКД өкілдері.

А.ЕРСҰЛТАН