Көрермен ықыласына бөленген тұлға еді
Көрермен ықыласына бөленген тұлға еді
312
оқылды

Президент көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли  Facebook парақшасында жазды.  

«Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын» делінген жеделхатта» деп жазды баспасөз хатшысы.