«Бір сиырға 30 шаршы метр қора керек» – қалада мал бағудың талаптары қандай?
«Бір сиырға 30 шаршы метр қора керек» – қалада мал бағудың талаптары қандай?
137
оқылды

«Азаматтар қалада мал асыраймын десе, қандай талап қойылады?» деген сауалға Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы Асқар Қаныбеков жауап берді. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Асқар Қаныбековтің айтуынша, қала аумағында мал ұстауға шектеу жоқ.

«Қалада мал бағатын тұрғындардың қорасында 1 ешкіге – 11,7 шаршы метр, 1 қойға – 11,6 шаршы метр, 1 сиырға - 30,1 шаршы метр, 1 жылқыға – 38 шаршы метр орын болуы тиіс», – деді басқарма басшысы Асқар Қаныбеков.

Егер тұрғындар санитарлық талаптарды сақтамаса, мал ұстайтын азаматтарға қатысты шағымды қала әкімдігіне жолдай алады.

Арыздың мән-жайын ветеринария инспекциясының мамандары анықтайды.