Атырауда ақпан айының басында жоғалып кеткен Талғайраң ауылының 29 жастағы тұрғыны 17 сәуірде өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды azh.kz.
Оның денесін «Жанәділ» шаруа қожалығының қызметкерлері вагон контейнерінен тапқан.
- Сыртынан қараған кезде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Атыраулық тұрғын 5 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге полиция, құтқарушылар кірісіп, еріктілер де көмекке келген.