Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласының Застанционный кентінде үй өртенді.
Сондай-ақ Бурабай кентінде вагон өртеніп, бір адам қайтыс болды. 11 адам 2 арнайы өрт сөндіру техникасымен вагондағы өртті сөндірді. Вагоннан 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды.«Өртенген үйден 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Үй иесінің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді мамандар.