Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды
Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды
281
оқылды

Көпшілік Ashyq қосым­шасын пайдаланатынын бі­­леміз. Аталған жоба аясында Алматы «жасыл аймаққа» өте­­тін болса, мамыр айында ка­­раоке мен банкет залдары жұмыс істейді.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, 17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталған. Егер Алматы «жасыл аймаққа» өтетін болса, мамыр айында Ashyq жобасы бойынша караоке мен банкет зал­дары жұмыс істейді. Ал қаладағы Санитарлық-эпи­­демиологиялық бақылау депар­таменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әрбір кәсіп­­керлік субъектісіне болашақта жұ­­мыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті. Ол мамыр айында караокені, сондай-ақ толымдығы 50%-дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мә­­селені қарастыратынын айтты.  

А.ЖОЛДАС