Алматы облыстық Полиция департаменті Қапшағайдағы казинолардың біріне мониторинг жүргізуге барған топты қарумен қарсы алғанын хабарлады.
Мәлімет бойынша, 18 сәуірде сағат 23.00 шамасында Қапшағай қаласының мониторинг тобы жүргізген тексеріс барысында казино күзетшісі топ жұмысына қарсылық көрсетіп, атыс қаруынан ауаға оқ атқан. Сөйтіп, тексеруге келгендерге наразылық білдірген. Күзетші оқиға орнында ұсталып, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі «билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Айбике ЖАНАСЫЛ