Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 14 794 рұқсаты бар шетелдік Қазақстанда еңбек етіп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсатта мынадай санаттар бар:
бірінші санат – 648 (басшылар және олардың орынбасарлары),
екінші санат – 3 240 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 397 адам және 491 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 329 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 689 адам бар.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 641 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 489 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмысшы санының 97%-ы.
Қазақстанда Қытайдан – 3 617 адам, Түркиядан – 1 490 адам, Үндістаннан – 1 098 адам, Ұлыбританиядан – 947 адам, Өзбекстаннан 1 369 адам келіп жұмыс істеп жүр.