Алматыда ҚазҰУ-ді дәріптеу әрі оқу орнының имидждік бейнесін жаңарту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «FARABI UNIVERSITY» логотипіне жалпыреспубликалық байқау жарияланды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау талаптары:
Ел білімі мен ғылымының флагманы – ҚазҰУ-ді дәріптеу әрі оқу орнының имидждік бейнесін жаңарту;
Университеттің имидждік өнімдеріне жаңа және креативті идеялар ұсыну;
Авторлық құқықтарды сақтау;
Көшірме болмауы.
Байқау шарттары:
Байқауға қатысушылар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша түсіндірмелік мәтінмен dvr@kaznu.kz электронды поштасына 2021 жылдың 21 мамырына дейін жолдауы тиіс;
Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқығына келіскен деп есептеледі;
Үздік шыққан логотип оқу орнының ресми төлтаңбасы ретінде қабылданады.
Үміткерлердің жұмыстарын тәуелсіз әділқазылар алқасы қарастырады. Жүлдегер университет басшылығының алғыс хаты және 250 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталады.
Жеңімпазды марапаттау мамыр айының соңында өтеді.