Каспий жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Каспий теңізінің жағалауынан Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер (ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен) 20 түйенің өлексесі табылды.
«Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып тастады. Қазір аудан әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария стансасының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмысын қолға алып жатыр»,- делінген ақпаратта.