Қостанай облысында жоғалған үш адам өлі күйінде табылды
Қостанай облысында жоғалған үш адам өлі күйінде табылды
5,188
оқылды
Әулиекөл ауданында бұрын із-түзсіз жоғалған 3 адам өлі күйінде табылды, - деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменті. Алдымен Аманқарағай ауылының  46 жастағы  тұрғыны 49 жастағы күйеуінің жоғалып кеткеніне шағымданған. Әйел 2020 жылы 20 қарашада күйеуінің үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан. Ер адамды биыл 19 сәуірде ауыл тұрғыны өлі күйінде тауып алған. 2021 жылы 19 ақпанда Дииевка ауылының 35 жастағы тұрғыны - ер адам үйден кетіп, қайтып оралмаған. Оның да жұбайы полицияға арызданған. 18 сәуірде ер адамның мәйітін ауыл маңынан жергілікті кәсіпорын қызметкері тауып алған. 19 сәуірде полиция қызметкерлері іздеу шаралары кезінде Құсмұрын ауылының маңынан 6 наурызда үйінен кетіп, қайтып оралмаған әйел адамның мәйітін тауып алды. Табылған адамдардың мәйітінде зорлық белгілері жоқ.
"Сараптама нәтижесі бойынша үшеуі де үсіп қайтыс болған", - делінген ақпаратта.