Ухань мэрі отставкаға кетуге дайын
Ухань мэрі отставкаға кетуге дайын
©elitar.kz
285
оқылды
Ухань мэрі Чжоу Сяньван қала тұрғындарының алдында кінәсін мойындап, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz тілшісі 360tv.ru Telegram-арнасына сілтеме жасап. «Егер бұл вирустың таралуын болдырмауға көмектесетін болса, мен отставкаға кетіп, кешірім сұрағым келеді», – деді Сяньван және ол қаланы жабу туралы шешім«шынымен қатаң» екенін айтты. Ол мұндай үлкен қала адамзат тарихында алғаш рет оқшауланғанын атап өтті. «Біз бақылауда немесе карантинінде жүргендерге ақысыз тамақ дайындап, медициналық қызмет көрсетеміз. Алайда, бұл шаралардың кейбіреуі әлі де жетілдірілген жоқ», – деп мойындады әкім. Ухань – бұл коронавирус індетінің алғашқы ошағы саналатын қала.