Солтүстікте антициклонның әсерінен күн ашық болады. Өзге өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстанда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысында жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматыда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады.