Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?
Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?
268
оқылды

Екі қала арасын жалғайтын жолдың құрылысы 2023 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс. Биыл Балқашқа дейінгі жол салынып бітеді. Тас жол 4 жолақты болады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев: «Алматы – Нұр-Сұлтан тас жолының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Биыл Балқашқа дейінгі аралықты салып бітеді. Қызылорда мен Жезқазғанның арасын жалғайтын жолдың жобалық-сметалық құжаты дайын. Қажет қаржыны Еуропалық банк пен Азия даму банкі бөледі. Құрылысты биыл бастаймыз деп отырмыз. Жалпы ұзындығы 496 шақырым жол құрылысы 3 жылда бітеді», – деді.

Бұған дейін Президент сапасыз жолдар үшін бір күнде бірнеше шенеунікті қызметінен босатқан болатын.