«Екі-үш күн ауырды, коронавирус емес...» – танымал ақын дүниеден өтті
«Екі-үш күн ауырды, коронавирус емес...» – танымал ақын дүниеден өтті
255
оқылды

 Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне ақынның жары айтты.

«Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды», – деді марқұмның жесірі.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында туған. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Әр жылдары Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

«Көкше құрақ», «Қос қанат», «Зейін», «Аспан даусы», «Нұрлы бояулар», «Жұлдызға орнын ай бермес», «Емендер түнде бүрлейді» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.