Қазақстанда картада жоқ қала бар
Zakon.kz-тің мәліметінше, Абаста қаласы – Маңғыстау облысындағы Ақтау – Қаламқас тасжолының 106 шақырымында орналасқан.
[caption id="attachment_130778" align="alignnone" width="1024"] ©zakon.kz[/caption]
Бір қарағанда, жазық далада қалашық бар деп ойламайсыз. Алайда кішігірім порт қалашығын байқауға болады.
[caption id="attachment_130782" align="alignnone" width="1024"] ©zakon.kz[/caption]
Оның ішінде: әуежайы, теңіз порты, шіркеуі, мұнарасы, пошта мен кафесіне дейін бар.
[caption id="attachment_130779" align="alignnone" width="1024"] ©zakon.kz[/caption]
– Негізі бұл қалашықты кино түсіру үшін арнайы тұрғызған екен. Бүгінге дейін мұнда екі кино түсіріліпті. Біріншісі, теңіз жайында және оның суы сарқылып, тіршіліксіз қалған балықшылардың күнкөрісі көрсетілді. Ал екінші лентада – ауған соғысының ащы шындығы жайында, – дейді Мақсат Ақмұратов.
[caption id="attachment_130780" align="alignnone" width="1024"] ©zakon.kz[/caption]
«Абаста көшелерімен серуендеп келе жатып, бейне бір өткен ғасырға түскендей боласыз» деген ол, уақыт өте қойылған декорацияның ескіріп, жойылып жатқанын тілге тиек етті.
[caption id="attachment_130781" align="alignnone" width="1024"] ©zakon.kz[/caption]
Бәрі осы қалыпта қалса, картада жоқ қала түбегейлі жойылып кетеді деген үрейі барын да жасырмады.