Көкшетауда өзіне қол салмақ болған екі қыз құтқарылды
Көкшетауда өзіне қол салмақ болған екі қыз құтқарылды
5,081
оқылды
Көкшетауда жол полициясының қызметкері құрылысы салынып бітпеген ғимараттан секіріп көз жұмбақ болған екі бойжеткеннің өміріне араша түсті деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 20 сәуір түнгі сағат 23:45 болған. Омбы бағытындағы күре жолдың бойындағы құрылысы салынып бітпеген ғимараттан белгісіз қыздар секірмекші болған.
«Айтылған жерге бірден Көкшетау қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Айбек Балғожин бастаған «Әскер-6» автопатрулінің экипажы, полицияның аға лейтенанты Асхат Оразғалиев және аға сержант Алтынбек Тәкенов жетті. Тәртіп сақшылары қыздарды сабырға шақырып, райынан қайтаруға тырысты. Анықталғандай, суицид жасамақшы болған көкшетаулық қыздар масаң күйде болған. Жастары 22 және 19 жастағы қыздар ата-анасы және жігіттерімен ұрысып қалған. Екеуі де емдеу мекемесіне жеткізілді», - деп хабарлады ведомство.