Эверестке шыққан Мария Әуезова елордаға оралды
Эверестке шыққан Мария Әуезова елордаға оралды
5,167
оқылды

Эверест базалық лагеріне жеткен екі аяғы жоқ әйел, елорда тұрғыны Мария Әуезова кеше Нұр-Сұлтанға келді. Халықаралық әуежайдан оны елордалық Спорт бас­қармасының өкілдері қарсы алып, құттықтады.

Алдымен Мария Бурабайдың шыңына шықты. Ал қазір Эверестке жетіп, 5364 м биік­тікке көтерілді. Мария өзін әуежай­дан қарсы алған деле­гацияны көріп, қуанышын жасыра алмады. – Бұл істі біз, қазақстандықтар жасағанымыз үшін өте қуаныш­тымын! Егер бір адамға жігер беріп, алға қарай ұмтылуына әсер етсем, менің үлкен жеңісім сол болмақ. Мен сондай қуаныштымын! Үйіме оралғаныма қуанамын. Мен шы­ны­мен бақыттымын», – деді ол. Спортшы алты ай бойы тау шыңына шығуға дайындалып, тіпті артық салмақ тастағанын айтты.  «Бурабайға шыққаннан кейін тоқтап қалмасымды білдім. Ары қарай ұмтылып, Синюхадағы Таз тауына жет­тім. Енді одан да биікке шығуы­мыз керек деген шешім қа­былдадық. Бір жарым жыл уақы­тымыз дайын­дық­қа кет­ті. Туыс­тарым мен дос­тарым мен үшін қат­ты уайымдады. Дегенмен биікке шығу, қозғалу менің жағ­дайымдағы адам үшін қиын. Жолы­мызда тас та, құм да кезде­седі. Бір жерден арбамен жүріп өтетін мүмкіндік болса, енді бір тұста керісін­ше. Өз күшіммен өте алатын жерден өзім өтсем, қиындау тұс­тарында бірге шыққан достарым көмектесті. Командалық жұмыс өз нәтижесін берді. Жалпы, 10 күнде жоспарымызды жақсы орындадық. 5 мың метрге жақын­дағанда тау ауруы аздап сезіле бас­тады. Бірақ жылдам өтті. Барлығы кәсібилік пен командалық жұмыс­тың арқа­сында. Мені көрген непал­дықтар «Сіз не істейін деп тұрсыз? Мұны істеу мүмкін емес. Жоқ. Қажет емес! Бол­майды! Бұл қауіпті!» деді. Олар бізді райымыздан қай­тарғысы келіп, қатты уайымдады. Бұл елге ризамын, бізді жылы қа­былдап, қолдарынан келгенше кө­мектесті», – дейді Мария.

Мадияр ТӨЛЕУ