Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейтін болды. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.
Әлемдік турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс болатын. «Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын болды», – дейді IIHF басшысы Рене Фазель. Әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқанын айта кеткен жөн. Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай қалды. 2022 жылы да Олимпиада ойындарына байланысты әлем чемпионаты өткізілмейді.М.ХАҚНАЗАР