Жауын-шашын жауады. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс және оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, батысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында секундына 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Түркістан облысында 15-25 м/с жылдамдықпен дауыл соғады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді.
Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с болады.
Қарағанды, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.