Нұсқаулық қазақ тілінде жазылды деп дау шығарған жігіт 7 жылға қамала ма?
Нұсқаулық қазақ тілінде жазылды деп дау шығарған жігіт 7 жылға қамала ма?
348
оқылды

Бұл жайында Qazaqpyz_goi парақшасында жариялады.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны қысқатолқынды пеш сатып алып, нұсқаулығы орыс тілінде жазылмағанын дау етіп, Tiktok-қа видео салып жіберген.

«Қысқатолқынды пештің нұсқаулыға бар. Бірақ орыс тілінде емес, тек қазақша және ағылшынша жазылған. Бұл не деген сұмдық? Ал сонда орысша нұсқаулығы қайда? Өзім қазақша түсінбеймін, пайдалануды қалай үйренемін. Қазақ тілін үйрену ойымда да жоқ. Оны үйренетіндей мемлекет маған не берді? Билік басындағылар не қарап отыр? Әлде, қазақтарды билік басынан тайдыруды күтіп отырсыздар ма?»

[embed]https://youtu.be/BDagxzBTXO0[/embed] Әлеуметтік желіге жариялаған жігіттің мұндай өрескел қылығы ел ішінде қызу талқыға түсіп, дау туғызды. Бірі "оны бұл әрекеті үшін жазалау тиіс" десе, енді бірі "елді дүрліктіріп, әдейі ұйымдастырылған іс" деп отыр. Оның анық-қанығы әлі белгісіз. нұсқауАлайда заңгер Ержан Болатбектің айтуынша, мұндай әрекет жазасыз қалмауы тиіс. "Бірінші кезекте, бұл жерде әлеуметтiк және ұлттық алауыздықты тудыру фактісі бар. Сондықтан видео авторын 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады. Жалпы, бұл жерде реквизиттер алдын ала жасалған видеоға ұқсайды. Егер осы дүние адамдар тобымен ұйымдастырылған болса, онда 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. Бұл ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабында көрсетілген" дейді заңгер Ержан Болатбек. Артынан жігіт елді дүрліктірген видео салғанына кешірім сұрап шықты. Енді оны жазалау, жазаламау жергілікті құқық органдарына қарасты дүние.

– Сол қысқатолқынды пешті алған күні ішімдік ішіп алған едім. Мастығымның кесірінен орысша жазылған нұсқаулықты байқамай қалыппын. Содан қазақ тіліндегі нұсқаулықты түсіріп, Tiktok-қа салып жібердім. Мұндай қылығыммен біреуді ренжітіп аламын деп ойламадым. Есімді жиып, таңертең салған видеоны көріп, бірден өшіріп тастадым. Мұным ойланбай істеген әрекетім болды.

Өзім қазақша аздап түсінемін. Өйткені жолдастарымның тең жартысы – қазақ. Өмір бақи әй-шәй деспей араласып келеміз. Оның үстіне жұмыс бабымен де қазақша сөйлесіп жатады. Өзім осы жердің тумасымын, әке-шешем де осы жердікі. Билікке де ештеңе айтарым жоқ. Сондықтан құрметті отандастар, мені кешіріңіздер! – дейді ол.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)