Бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды
Бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды
241
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, сот санкциясымен отыз жастағы ер адамға екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Болатбек Белгібеков.

Оралда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді. Марқұм әйелдің соңында екі кішкентай баласы қалды.