Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан кешеннен адамдар эвакуацияланды.
Полицияға әл-Фараби даңғылындағы VILLA Boutiques & Restaurants-те бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Екіншісі, таңертең «Март» сауда үйінде бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оның да анық-қанығын мамандар тексеріп жатыр.
«Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сауда орталығының ішіндегі адамдарды сыртқа шығарды. Орталықтың 40-қа жуық қызметкері эвакуацияланды. Бұл уақытта іште сатып алушылар болған жоқ. Сауда үйі әлі ашылмаған еді. Саперлер тексеріп жатыр», – дейді полицейлер.
Куәгерлер түсірген фотода адамдарды далаға шығарып жатқанын көруге болады.