Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған – әкімдік
Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған – әкімдік
© дереккөзден
395
оқылды
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы короновирусқа шалдыққан науқас туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпарат WhatsApp арқылы  тараған. «Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған науқаста короновирус инфекциясы табылмағанын хабарлайды», – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Жедел жәрдем қызметіне Гонконгтан түнде ұшып келген қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол өзінің қалтырап, дене қызуының көтеріліп тұрғанын айтып шағымданған. Арнайы киім киген жедел жәрдем дәрігерлері дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар науқас қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. «Ауруханада науқасты дәрігерлер арнайы бокста тексерді. Оған «орташа ауыр деңгейдегі тұмау» диагнозы қойылды. Сонымен қатар қажетті вирустық талдаулар алынып, емдеу басталды», – деп толықтырған басқармадағылар.