Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды жүзеге асырды:
- 65 инспекциялық тексеріс;
- 9 авиакомпанияны сертификаттау;
- аэронавигация саласында 17 аудит;
- 31 әуе айлақты сертификаттау;
- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.
«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 авиакомпанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», - делінген хабарламада.