Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қаланың Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері С. Бейсенованың жаңа қаулысы шықты.
Қалада 26 сәуірден бастап карантин күшейтіледі.
Жаңа қаулыға сәйкес қалалық қоғамдық көліктің (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесіне өзгертулер енгізілді, аптаның жұмыс және сенбі күндері штаттық режимге сәйкес, ал жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқытуды жалғастырады.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, бар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, орналасқан жеріне қарамастан, отырғызылуы 30 орыннан асырмай үй-жай ішінде жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін қызмет көрсетіп, сенбі және жексенбі күндеріндегі жұмысына тыйым салынады.