Сенат Төрағасы Ресей елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Ресей елшісімен кездесті
287
оқылды

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшім­баев Ресей Федера­ция­сының Қазақ­стандағы Тө­­тенше және өкілетті ел­шісі Алек­сей Бородав­­кинмен ке­здесті.

Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтас­тықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының маңыз­ды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. «Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтас­тық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің елдеріміз Президенттерінің барлық бастамасын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасының айтуынша, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

Г.БЕКЗАТ