Атырауда 19 тонна балық тәркіленді
Атырауда 19 тонна балық тәркіленді
211
оқылды

Атырау облысында «Бе­­кіре-2021с » акциясы бас­тал­ған 3 аптаның ішінде бра­­коньерлерден 19 тоннаға жуық балық тәркіленіп үл­­герді. Бұдан бөлек, Жайық – Каспий су айдыны аума­­­­ғындағы 3 облыста (БҚО, Аты­рау, Маң­ғыстау) 571 заңбұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі жаңағы айтқан Атырау об­лысында тіркелді.

Маңғыстау өңірінде 98 заң­бұзушылық тіркелсе, Батыс Қа­­­зақстан облысында 33 жағдай анықталған. 26 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңды белшесінен басқандарға 7 мил­лион теңгеге жуық айыппұл са­лынған. – Заңсыз айналымнан алын­­ған 19 тоннаға жуық балықтың бір жарым тоннасы бекіре тұқымдас балық. Сондай-ақ акция кезінде 1 200-ге жуық ау құралы мен 54 жүзу және көлік құралы тәркі­­ленді. «Бекіре-2021» акциясы ма­мыр айының соңына дейін жал­­ғасады, – дейді Атырау облыс­тық орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі инс­­пек­­­ция­­­сы­ның бас маманы Рүстем Қорқытов.

Мадияр ТӨЛЕУ