Жемқорлық белең алған меморгандар аталды
Жемқорлық белең алған меморгандар аталды
273
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жемқорлық ең көп анықталатын мем­­лекеттік органдар аталды. Алыс-берісі көп орган­­­­дар­дың ішінде кедендік ба­­қылау, білім беру, ден­­сау­лық сақтау және құрылыс салалары бар.

«2021 жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 452 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеген. Оның 76 пайызы жемқорлыққа қатысты. Қазір аса ауыр қылмыстар саны артқаны байқалады. Бір жарым есе өскен. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көп деңгейлі заңдастырылған сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға, ашуға бағытталғанын көрсетеді», – деді Сыбай­­­­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов брифингте. Оның айтуынша, қылмыс­тың басым бөлігі парақорлық пен ұрлық дерегі бойынша тіркелген. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша күдікке ілінген 412 адам, оның ішінде 42 адам, 10 пайызы республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әкімдік, полиция және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында жиі кез­­­­деседі. Мұның себебі мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі әкімдіктер мен ішкі істер органдарында екенінде. Сыбайлас жемқорлық дерегі көп тіркелген мемлекеттік органдар ішінде: кедендік бақылау органдарында 85 адам, білім беру саласында 32 адам, денсаулық сақтау және құрылыс саласында 27 адам қылмыстық жауапқа тар­­тылған», – деді Жақсымбетов.

Исмаил ҚУАНЫШ