«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.
«12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотымен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа 72 миллион теңге, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды», – деді Биғайдаров брифингте. Өсербаев 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару жөніндегі ұйымның қызмет көрсету шарты аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген. «Осы үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды», – деді Биғайдаров.Ж.НҰРЛАНҰЛЫ