Әкімге партиялық жаза тағайындалды
Әкімге партиялық жаза тағайындалды
188
оқылды

Әлеуметтік  желілерде Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық аумағына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғындары қайтыс болған жандарын жер қойнына тапсыра алмай отырғаны, ауыл жанындағы зиратқа мәйіттерді қоюға тыйым салынғаны туралы жариялап,  дабыл қаққан болатын.

Осыған  орай «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы тексеру жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтады. Расында да, ауыл жанындағы қорым толып кетіп, орын болмаған­дық­тан, онда адам жерлеуге тыйым салы­ныпты. Жергілікті билік бұл мәселені дер кезінде шешпегеніне байланысты жағдай асқынып,  тұрғындар тарапынан наразылық туындаған. Қарабұлақ ауылы жергілікті жұртшылық зиратта марқұмдарды жерлеуге тыйым салғаны бойынша шағым түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялауға мәж­бүр болған. Ақыры партияның тікелей араласуы нәтижесінде Алматы облыстық мә­слихатының депутаты Асқар Сүлей­меновтің көмегімен Қарабұлақ ауылы маңынан өтеусіз негізде мұсылмандар және христиан зират­тарына арнайы  жер телімі (11.02 га) бөлінді. Мәселеге дер кезінде назар аудар­маған  Панфилов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С. Мық­тыбаевқа «ескерту» түріндегі партиялық жаза тағайындау туралы шешім қабылданды. Жағдай  партиялық бақылау комиссиясы тарапынан ба­қылауға алынды.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы