Әйелім жекешеленіп кетіпті
Әйелім жекешеленіп кетіпті
215
оқылды
Бір еңгезердей еркек екі нөкерімен жетіп келді. Ол орнынан тұрғаны сол, өзін таныс­тырмаған бейтаныс: – Сіздің әйеліңіз менің әйелім, – деді. Ауыл тұрғынының қан қысымы көтерліп, жүрегі ұстап қалды. Әйелі бетін шымшып, күйеуінің бауырына тығылды. Көзінің қиығы­мен еңгезердей еркекке қарады. «Мұнысы несі?» деп ойлады ішінен. – Не деп тұрсың? Кімсің өзің? –деп сұрады күйеуі. – Әйеліңбылтыр жекешеленіп кеткен. – Қалай? – Солай. Оның күйеуі енді мен боламын! – Бармаймын! –деген әйелі шыр ете қалды. – Кешіріңіздер, мен миллионермін, мен сияқтылар бүкіл ауылды жекешелендіріп алған. – Ия, рас, жайылым біткен жекешеленіп кетті. Миллионер әдемі келіншектің жанына келіп, жымиды. Құшағына тартқысы келді. Күйеуі қызғанып, төбелесе кететіндей, «стойкаға» тұра қалды. Сол екен, миллионер ым қағып еді, оқ қағарлары атылып, ауыл тұрғынын«демалдырып» тастады.Есін жиған байғұс: – Мен ше? Мен қайтемін? – деп сұрады. – Сен де жекешеленіп кеткенсің. – А? Не дейді? –Сені қаладағы бір миллионер қатын жекешелендіріп алған. – Керегі жоқ! Мұндай сұмдықтың дерегі жоқ! – Дерегі жоқ дейсің бе? Құжаттарым заңды. Жүр, ауыл әкіміне барайық! Олар щұбырып, ауыл әкіміне келді. Келген беттен ауыл тұрғыны оған айқай салды. – Әй, әкім, менің әйелімді жекешелендіріп жібергенсің бе? – Көке, жеңешем тез өтті. – Өй, әкеңнің! Бала–шағасын қайтеміз сонда? – Олар да жекешеленіп кеткен... Ол ауыл әкімінің жағасынан ала түсті. Екеуі бір–біріне қол сілтесіп, сілікпелері шықты. Енді қызық жеріне келгенде, ауыл тұрғыны түсінен шошып оянды. Жанына қараса, әйелі аппақ санын жарқыратып, бір аяғын мұның беліне салып, пырылдап ұйықтап жатыр екен. «Бәсе, адамдар жекешеленбейді ғой! Бірақ біздің ауыл түгел жекешеленіп кетті! Жайылымдар тістегеннің ауызында кетті. Сиырларымыз аспанда жайылып жүр». Түстің аты түс қой, дегенмен, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылы түгелдей жекешеленіп кетті. Мұндағы жайылым біткен гектарлап сатылып кеткен дейді. Бай-манаптар мен жер коми­тетіндегілерге сатылып кеткен дейді. Осындай дейдінің соңы шарбұлақтықтардың наразы­лығын тудырып, олар көшеге топтанып шықты. Шәкір Нұржігіт, Қазығұрт ауданының тұр­ғыны: –Бұл ауылдан күндіз-түні жастар шықпайтын. Спорпен шұғылданатын. Қазір барлығы – клуб та, басқасы да жекешеленіп, тозып кетті емес пе? Сосын, олар қайда барады? Карта ойнайды, ішімдік ішеді дегендей. Қалжан Елшібаев, Қазығұрт ауданының тұрғыны: – Ана жақта көріп отырсыздар, гектарлап алынған жерлер әкімдікте туыстары бар, жер бөліміне қатысы барлар, сол жер бөлімінде істейтіндер гектарлап жер алып жатыр. Бізге жер жоқ. Ауылда неше адам кезекте түр. Олар болса, «жер жоқ» дейді. Ақшасы бар адамға жер табылады. Ия, үй салуға үш те төрт фотосндай жер сұрап жүрген Шарбұлақ ауылының тұрғындары жайылым жерінен де айырылып жатыр.Себебі, қой мен жылқысын жайып жүрген жерлер табан астында мақсаты өзгеріп, үй салуға арналған учаскелер болып шыға келіпті. Ал, ол жерлерде кәсіпкерлік қора-қопсылар«мен мұндалап» тұрған көрінеді.Шарбұлақ ауылындағы сатылымдарды құзырлы органдар тексерсе, талай былықтың беті ашылып, атқа мінерлердің шаттары терлер еді...

Жатыпатар ЖАНЫС