Бет жоқ екен!
Бет жоқ екен!
209
оқылды
Марат Есіркепов Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жайылымда өзіне кәсіпкердің сеніп тапсырған қойларын жайып жүріп, былай әндетті.  Қойларым, қожайынның жоқ дерегі, Көп болды көрінбейдіол кешегі? Ойым да бұзылып тұр, кешіріңдер, Ойпырмай, жағдайымды кім шешеді?   Қойларым-ай, Осындай, ойларым-ай, Концерт қойып өздеріңе, Әзілдесіп, ойнадым-ай! Қойларым-ай, Құйрық майға тоймадым-ай, Сендерді сата салсам, Деп кеше ойладым-ай!   Қойларым, азан–қазан, маңырама, Қораға ерте қайтам,жамырама! Қожайын жоқ кезде қатырайын, Іздесін малын сосын, табыла ма?   Қойларым-ай, Осындай ойларым-ай, Концерт қойып, өздеріңе, Әзілдесіп, ойнадым-ай! Қойларым-ай, Құйрық майға тоймадым-ай, Сендерді сата салсам, Деп кеше ойладым-ай!   Жылқыларын«Оптом» сатып кетсем, Сата салып, шіркін-ай, қашып кетсем. Қорасын да өртеп жіберсем ғой, Болмаса, шөп-шаламын шашып кетсем!   Қойларым-ай, Осындай, ойларым-ай, Концерт қойып, өздеріңе, Әзілдесіп, ойнадым-ай! Қойларым-ай, Құйрық майға тоймадым-ай, Сендерді сата салсам, Деп кеше ойладым-ай! Ол басын иіп, қойларға қошемет көрсетті. Қойлар маңырап, маңай азан–қазан болды. Сосын, қожайынның 169 қойы мен61 жылқысын сатып алатын адамды іздеді. Іздеген адамы табыла да кетті. – Сатасың ба? –деп сұрады анау. – Сатамын, –деді мынау. – Арзанға аламын! – Өзім де арзанға берейін деп тұрмын. – Мені ұстап бермейсің ғой? – Құдай сақтасын. Екеуішарт-пұрт қол алысты. Сатып алушыға арзан мал керек, сатушыға ақша керек. Не керек, мал иесінің жуық арада келмей кеткенін пайдаланған жалдамалы шопан ойланбастан, біреудің малын сата салды. Беті былқ етпей. Беті жоқ та! Бетінен қан емес, арамдық шығады. Қараңызшы, мал иесіне3 миллион 680 мың теңге зиян келтірді. Мәз болып, санын шапаттап отыр дейсіз бе?Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа сүйрелді.Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған. Ол өз кінәсін толық мойындады әрі қамаққа алынды.Оңай олжаға батамын деген ойының тас-талқаны шықты. Енді ол жоғарыдағыдай әндете де алмайды. Адамдар тыныш жүрмейді осы, ә?

Мара РАМАН