– Бір атқа екі адам отыра алады. Бір ерге екі адам симайды.– Кісі киімінен кір іздемей, өз киіміңді таза ұста.– Сұлулар біріне бірі ұқсамайды, албастылар бірінен бірі аумайды.– Түлкінің ізін таппай өзін таппайсың.– Тұлпары бар адамның тайға тақымы толмайды.– Адасқан адамға алыстан естілген иттің үні қымбат.– Қаңбақтан жол сұрама, қаңғып кетуің мүмкін.– Қақпақсыз қазанның қасында сұғанақ ит жүреді.– Бетсіздер боқ басады, боқ басып жүріп топтасады.– Орманға барсаң – балтаңды, парақорға барсаң – қалтаңды ұмытпа!– Кімді боқтасаң да өз аузың былғанады.– Қартайған қасқыр қоян ала алмайды.– Еркектің еркекке, әйелдің әйелге айтқан өтірігі әйел мен еркектің бір-біріне айтқан өтірігіне жетпейді.– Мылжыңдар өздері демалады, өзгені шаршатады.– Биліктегілерге үйлесім ғана емес, келісім де, тіпті бөлісім де керек.– Түрме – тегін оқытатын университет.– Жүзік – шынжырдың бірінші шығыршығы.– Басыңды қоярға жер таппасаң, бастығыңмен ойнама!– Майға айналу үшін әуелі қаймақ болып ал.– Адамдар қызық: мансабың сәл биік болса, қызғанады. Сәл төмен болса, менсінбейді.– Әркімнің өз орны бар дейміз. Болса болар. Бірақ кейбіреудің орындарын біреулер алып қойған.– Қалың орманның қарғасы болғанша, бір бұтақтың бұлбұлы бол.– Супер ұры жүз дегенді білмейді. Оның білетіні миллион, миллиард. Миллион ол үшін ойын, ол үшін бильярд.– Қазіргі ұрылар министр болып миын ашытпайды. Ол орынға өз адамын отырғызады.– Қазіргі адамдардың бетпердесін сыпырсаңыз, біразының астынан сайтан шығады.– Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Мафия мафияның көзін ойып алады.– Кейбіреудің айтқан сөзі күлкілі:Бер жағы – ел, аржағында – құлқыны.– Ұсталмаған ұры ұлық болып жүреді.– Масты көргенде жынды жол береді.