Алматыда қаладан шығатын жолды жапты: полиция себебін түсіндірді
Алматыда қаладан шығатын жолды жапты: полиция себебін түсіндірді
374
оқылды
Әлеуметтік желіде Алматыдан шығар жолды бетон блоктармен бұғаттап жатқан сәт түсірілген видео тарады. Бейнежазба қаланың instagram пабликтерінің бірінде жарияланды. Қала тұрғыны Көксай ауданында Түрік бұрылысын бетон блоктармен жауып жатқанын видеоға түсіріп алған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

«Карантин? Кім біледі?» — деп жазылған видеоның тұсында.
Облыстық полиция департаменті мұның блокпост еместігін айтып сендірді. Сондай-ақ «Алматы су» сумен қамтамасыз ету және канализация жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі болды.