Түркістан облысында ақ халаттылар босанған әйелдерден ақша талап еткен
Түркістан облысында ақ халаттылар босанған әйелдерден ақша талап еткен
155
оқылды

Түркістан облысындағы перинаталдық орталық қызметкерлері әйелдерден ақша талап еткен.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, азаматтардың бірі 1414 call-орталығына жасырын қоңырау шалып, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған. Артынша ақпаратты алған сыбайлас жемқорлықпен күресушілер фактіні тексеріп, заң бұзушылықтың орын алғаны белгілі болды.
"Түркістан облысында әйелдерді ауруханадан шығарғаны үшін 1 000 теңге көлемінде төлемді заңсыз белгілегені үшін перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі мен аға медбикесіне тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Тиісті профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", — деді Нұрлан Жақсымбетов.