23 сәуір күні Түркістанда ауа райының қолайсыздығынан Karavansaray Turkistan туристік кешенінің объектісінде «Алтын Самұрық» ғимаратының шатыры қирай бастады деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Кешен әкімшілігі аз уақытта сақтық шаралары қолға алынғанын айтып, сендіріп отыр.
«Уақыт жоғалтпастан барлық қажетті шара бірден жүзеге асырылды. «Алтын Самұрық» ғимараты бір күн ішінде қалыпқа келтіріліп, эксплуатацияға берілді. Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін бақылау жалғасып жатыр», — деді Karavansaray Turkistan кешенінің әкімшілігіндегілер.
[caption id="attachment_131455" align="alignnone" width="486"] Сурет: скриншот[/caption]
Еске салсақ, Қазақстанда ұшатын театрдың шатыры ұшқаны туралы хабарладық. Әлемдегі теңдесі жоқ театр туралы наурыз айында облыс әкімінің баспасөз қызметі жазған болатын.