Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: болашақтықтар елордада көшет отырғызды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: болашақтықтар елордада көшет отырғызды
161
оқылды
Бүгін Birge – Taza Qazaqstan экологиялық акциясы өтті. Осы іс-шараның аясында Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және Bolashaq қауымдастығының мүшелері астанада көшет отырғызды. Қолайлы климаттық жағдай қалыптастыруда Елбасы бастамашылық еткен елорда маңында «Жасыл белдеу» құру жобасының маңызы зор. Осы орайда болашақтықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 30 түп ағаш отырғызды. Осылайша, кейбіреулер митинг туралы ойлап жүргенде, болашақтықтар пайдалы іспен айналысып, қаламызды көгалдандыруға өз үлесін қосты. Бұл акция биыл екінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін Шымкент қаласындағы болашақтықтар экологиялық акцияға қатысып, олар да 30 түп тал еккен еді.  width=  
Таяудағы 5 жылда партия ел көлемінде орман алқабын ұлғайту және 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу міндетін қойып отыр. Қалалардың ауасының сапасын жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған орай 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Атырауда, Таразда және Ақтөбеде 6 қоқыс өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
Бауыржан Байбек атап өткендей, экология сапасын жақсарту мәселесі – «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының да негізгі бағыттарының бірі.
 «Nur Otan»-ның экологиялық саясатын іске асыру аясында Алматыдағы ЖЭС-2-ні газға ауыстыру, Орал өзені бассейнінің экожүйесін сауықтыру бағдарламасын қабылдау және көлдерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешу жалғасын табады», – деді Бауыржан Байбек.  width=
Елордада партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша бес тұрғын алқапта 10 сквер салу, жағалау жиегін абаттандыра отырып, Ақбұлақ жылғасының арнасын реконструкциялау, Вячеслав және Қоянды су қоймаларында табиғатты қорғау шараларын іске асыру және тағы да басқа көптеген шаралар қолға алынбақ.